Шахтинскте әйелінің қазасына күйзелген еркек жаппай адам өлтіруге оқталған

0
107

Полицейлер тұрғындарды эвакуациялап үлгерген.


Шахтинскте әйелінің қазасына күйзелген еркек жаппай адам өлтіруге оқталған

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Қарағанды облысындағы ер адам қасақана газ баллонын жарып, сегіз адамды жаралады, деп жазады zakon.kz.

Ақпан айында әйелі ауырып көз жұмған соң қатты күйзеліске түскен азамат екі бөлмелі пәтерде қызымен бірге тұрып жатқан. Түнде тұрғындар ұйқыға кетерде подъезд ішін газ иісі басқанын байқап, құтқарушылар мен полицейлерді шақырады. Сөйтсе, төртінші қабаттағы тұрғын газды қосып, "бәріңді өлтірем" деп айқайлайды.

Полицейлер тұрғындарды эвакуациялап үлгерген. Айтқанынан қайтпаған 40 жастағы дәнекерлеуші сіріңкені әдейі жағып жіберген. Жарылыстан өзі жарақат алса да, балкон арқылы көрші подъезге өтіп, ол жақта да газ балонын жармақшы болған кезде ұсталды.

Қазір аталмыш жәйтке қатысты бірнеше баппен қылмыстық іс қозғалды. Ал жарылыс жасаған азамат, тағы екі тұрғын және эвакуациялау кезінде жарақат алған бес полицейді күйік шалып, олар ауруханада жатыр.

"Сегіз адам ауруханада жатыр. Бір науқас жансақтау бөлімшесінде. Қалғандарының жағдайы тұрақты, емделіп жатыр", дейді Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматология орталығының басшысы Берік Төлеубаев.