8 қаңтарда Атырау облысында ұзақ іздеуден кейін өлі табылған ерлі-зайыптының жерлеу рәсімі өтті.
фото:tengrinews.kz.
ERNUR.KZ. Атырау облысында жоғалған отбасының екі мүшесі өлі табылғаннан кейін полиция бұл істе кім күдікті екенін атады. Алайда күдіктінің анасы ұлының мұндай іске баруы мүмкін емес екенін айтты, деп жазады tengrinews.kz.
8 қаңтарда Атырау облысында ұзақ іздеуден кейін өлі табылған ерлі-зайыптының жерлеу рәсімі өтті.
Отбасының туысы Әсила Мұқанғалиеваның айтуынша, қайғылы оқиға кіші қызы мен күйеуі ата-анасына барғаннан кейін болған болуы мүмкін. Мұқанғалиева жоғалған жұпты күйеу баласы соңғы болып көргенін айтты.
Күдіктінің анасы соңғы рет баласымен 11 желтоқсанда сөйлескенін айтқан. Оның сөзінше, содан кейін ұлы хабарсыз кеткен. Телеарна мәліметінше, күдіктінің әйелі психоневрологиялық диспансер есебінде тұрған. Сонымен қатар, күдікті мен әйелі Атырауда үй жалдап тұрған.
"Баламды олай тәрбиелеген жоқпын. Балам тәртіпті. Ондай жолға барады деп ойламаймын. Құдай сақтасын, мүмкін емес. Сенбеймін. Әкесі қатты, әкесінен қорқады. Әскерден келген соң күзетте жұмыс істеді. Қазір істемейді. Жүк тасушы болып жұмыс істеп келеді", - деді күдіктінің анасы.
Әйелдің хабар-ошарсыз кеткен ұлы мен келінінің бес баласының үлкені 10 жаста, кішісі бір жаста екен.
Махамбет ауданы білім бөлімі мамандары балаларды бақылауға алғанын, әзірге ата-әжесінде болатынын мәлімдеген.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. 6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр. Бұл дерек бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілер анықталғаны айтылды.
8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.


