Семейде жаңа туған сәбидің денесі қоқыс жәшігінен табылды

0
100

Алдын ала деректерге сай, олар баланың өлі туғанын айтқан.


Семейде жаңа туған сәбидің денесі қоқыс жәшігінен табылды

Фото: canva

ERNUR.KZ. Құқық қорғау органдары тергеу барысында күдікті тұлғалар анықталғанын және ұсталғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Жаңа туған шақалақтың денесі 3 ақпан күні Семей қаласындағы қоқыс контейнерінің бірінен табылған.

Алдын ала деректерге сай, олар баланың өлі туғанын айтқан. Сондай-ақ, осындай ауыр жағдайдан психологиялық күйзеліске түскенін айтып ақталған.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланып отыр. Қазіргі кезде істің мән-жайы анықталып, осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.