Семейде кәмелетке толмаған қыздарға әдепсіз мінез көрсеткен ер адам анықталды

0
218

Оқиға 18 сәуір күні болған: ер адам қыздарға жақындап, оларды бірге ішімдік ішуге үгіттеген.


Семейде кәмелетке толмаған қыздарға әдепсіз мінез көрсеткен ер адам анықталды

Фото: Zakon.kz


ERNUR.KZ. Семей қаласында полиция мас күйдегі ер адамның көшеде кәмелетке толмаған қыздарды аңдып, қорқытып жүргенін анықтады. Оқиға әлеуметтік желілерде тараған видеодан кейін қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп жазады zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 18 сәуір күні болған: ер адам қыздарға жақындап, оларды бірге ішімдік ішуге үгіттеген. Қыздар үзілді-кесілді бас тартқаннан кейін де ол тоқтамаған.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, кейін ер адам ашық түрде "оларды зорлағысы келетінін" айтқан.

Абай облысы полиция департаменті бұл видео тарағаннан кейін бірден әрекет еткен. Алғашында зардап шеккендерден ресми арыз түспесе де, тәртіп сақшылары тексеру жүргізіп, видеоны түсірген адамды анықтаған.

Ол – қала тұрғыны, 17 жастағы қыз болып шықты. Бойжеткен өз құрбысымен бірге ер адамның әдепсіз әрекетін растаған.

"Бұл дерек Абай ауданы полиция бөлімінде тіркелді. Ер адамның жеке басы анықталды, оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қолданылады", – деп хабарлады 2026 жылғы 20 сәуірде полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға және қоғамдық тәртіп бұзушылықтар туралы дереу "102" нөміріне немесе "Заң және тәртіп" мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға шақырады.