Сара Назарбаева биыл 84 жасқа келеді.
Фото: КазТАГ
ERNUR.KZ. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева Алматыдағы президенті әкімшілігінің медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ауыр халде жатыр, деп жазады stan.kz.
Бұған дейін бұрынғы президенттің отбасы мүшелері Алматы қаласында тұрып жатқаны туралы ақпарат тараған еді.
“Сара Назарбаеваның жағдайы осыдан екі апта бұрын нашарлаған. Ол қазір Алматыдағы ауруханалардың бірінде шетелдік және қазақстандық мамандардың бақылауында", – делінген хабарламада.
Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда дүниеге келген. Нұрсұлтан Назарбаевпен некеден екі қызы бар. Биыл 84 жасқа келеді.
Сара Назарбаева жас кезінде өндірісте жұмыс істеп, кейін экономист мамандығын алды. 1992 жылы "Бөбек" балалар қайырымдылық қорын құрып, жетім балаларға көмек көрсетіп, мектептерде "Өзін-өзі тану" бағдарламасын әзірледі.
Ол 1991 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстанның бірінші ханымы болды. Қайырымдылық пен балалар құқығын қорғауға қосқан үлесі үшін Сара Назарбаева бірқатар халықаралық сыйлықтармен марапатталды.