Желіде Сара Алпысқызы "қайтыс болды” деген ақпарат таралып жатыр.
ERNUR.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі Айдос Үкібай Сара Алпысқызы қайтыс болды деген ақпарат жалған екенін жеткізді, деп жазады baq.kz.
БАҚ-тардың сұраныстарына жауап ретінде мынаны хабарлаймын:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы қазіргі уақытта ауруханада ем қабылдап жатыр. Ол қайтыс болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Соңғы сағатта “Сара Алпысқызы қайтыс болды” деген жалған ақпарат желіде таралып жатыр.