Премьер-министр Бектенов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

0
135


Премьер-министр Бектенов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп жазады Stan.kz.

“Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды ырыс пен ынтымақтың арқауы, ізгілік атаулының береке-бастауы – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Биыл қазақ елі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерді қолдап, дамудың жаңа кезеңіне нық қадам басты. Жаңғырудың жарқын нышанына айналған жаңа Конституциямыз ұлттық дәстүріміз бен мәдениетімізді ұлықтап, қастерлі Тәуелсіздігімізбен бірге жасай бермек”, – делінген құттықтауда.

Сондайқ-ақ ол ұлыстың ұлы күні бірлігі бекем халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстырып, бейбіт өмір мен еңселі елдік жолындағы арман-мұратына жеткізсін деп тіледі.

“Жаңарған жыл жұртымыз үшін жасампаз істерге, толайым табысқа толы болсын. Әз-Наурызда әр шаңырақ құт-берекеге бөленіп, ырзық-несібеге кенелсін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға баянды бақыт тілеймін! Ұлыс оң, ақ мол болсын!” – делінген құттықтауда.