Оқыс оқиға Павлодардағы Нұрмағамбетов көшесінде болды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Павлодар қаласында адам шошырлық оқиға болды. Екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткен әйел адам медициналық есепте тұратыны анықталды, деп жазады аzattyq-ruhy.kz.
Полиция әйел мен екі жас баланы жарақаттаған факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Оқыс оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті агенттік тілшісіне пікір білдірді.
«30 шілдеде Павлодардағы Нұрмағамбетов көшесіндегі үйдің 4 және 5-қабаттары арасында орналасқан кіреберіс терезесінен екі жас бала мен әйел құлағаны анықталды. Зардап шеккендер кіреберіс есіктің үстіне құлаған, барлығы ауруханаға жеткізілді. Кісі өлтіру мен суицидке оқталу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел мамандандырылған медициналық мекемеде есепте тұрады. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істейді», – делінген департамент хабарламасында.