Өскеменде жолаушы қыздарға тиісіп, қоғамдық көлікте жанжал шыққан

0
102

Кондуктор жанжалдың ушығуына жол бермеуге тырысып, жағдайды бақылауда ұстаған.


Өскеменде жолаушы қыздарға тиісіп, қоғамдық көлікте жанжал шыққан

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Өскеменде қоғамдық көлікте жолаушы кәмелетке толмаған қыздарға тиіскен, деп жазады stan.kz.

Арна мәліметінше, қыздар ер адамның әрекетінен кейін қауіпсіздік мақсатында өз аялдамасына жетпей, автобустан ерте түсуге мәжбүр болған.

Оқиғаға басқа бір жолаушы – жас жігіт араласып, айналасындағылардың назарын аударып, күдікті азаматты айыптай бастаған. Екеуінің арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласуға шақ қалған. Куәгерлердің cөзінше, жас жігіт ер адамды бірнеше рет ұрған.

Кондуктор жанжалдың ушығуына жол бермеуге тырысып, жағдайды бақылауда ұстаған.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бұл оқиға туралы хабардар екенін мәлімдеді.

“Қазірг полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар тұлғалардың жеке басын анықтау және барлық мән-жайды тексеру бойынша шаралар қабылдап жатыр”, – деп хабарлады.