"Орынға таласқан": Астанада орталық мешітте жұма намазының алдында қақтығыс болды

0
149


ERNUR.KZ. Астана орталық мешітінің әкімшілігі екі жас жігіт арасында жанжал болғанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.


Мешіттің хабарлауынша, 9 мамыр күні жұма намазының алдында жас жігіттер арасында намаз қатарындағы орын үшін жанжал шыққан.

“Жұма намазына келген екі жігіттің арасында қай жерде отыруға байланысты түсінбеушілік туындады. Жағдайды сабырға шақырған мешіт қызметкері шешті. Жақында ислам құндылықтарын қабылдай бастаған жастарға исламның бейбітшілік діні екені, мешіттің жер бетіндегі Алланың үйі, ешқандай дау-дамай болмайтын ғибадат орны екендігі айтылды", – делінген хабарламада.