ШҚО-да дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

0
93

Ұлан ауданындағы Бозанбай ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.


ШҚО-да дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

ШҚО әкімдігі

ERNUR.KZ. «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған заманауи екі қабатты нысан ауыл тұрғындарына, әсіресе балалар мен жастарға спортпен тұрақты айналысуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.

Спорт кешенінің жалпы ауданы – 1225,3 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың мамыр айында басталып, өткен айда толық аяқталды.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында 1 658 спорт нысаны жұмыс істейді. Тағы сегіз нысанның құрылысы әртүрлі кезеңде. Олардың қатарында Үлкен Нарын, Марқакөл, Күршім, Риддер және Зайсан аудандарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Өскемен қаласындағы волейбол орталығы және басқа да нысандар бар.

Бозанбай тұрғындары үшін жаңа кешеннің ашылуы – көптен күткен қуанышты оқиға. Енді ауыл тұрғындары осында спортпен шұғылданып, денсаулықтарын нығайтып, бос уақыттарын тиімді өткізе алады.

Бұл дене шынықтыру-сауықтыру кешені жергілікті тұрғындардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, ауылды жердегі өмір сапасын арттыруға да үлес қосады.