​Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы энергетикалық көпір 2027 жылы іске қосылады

0
119

Дүниежүзілік банк өкілдері және Kamani Engineering Corporation мердігер-компаниясының қатысуымен талқыланды.


​Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы энергетикалық көпір 2027 жылы іске қосылады

Фото: CASA-1000

ERNUR.KZ. CASA-1000 энергетикалық жобасының Ауғанстан учаскесінің құрылысы 2027 жылдың көктемінде аяқталады, ал коммерциялық пайдалану сол жылдың жазында басталады, деп жазады inform.kz.

Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақтық жобаның барысы 18-20 сәуір күндері Душанбеде Da Afghanistan Breshna Sherkat (DABS) компаниясының басшылығы, Дүниежүзілік банк өкілдері және Kamani Engineering Corporation мердігер-компаниясының қатысуымен талқыланды.

ТР Энергетика министрлігінің басшысы Далер Джуманың атап өтуінше, CASA-1000 жобасын іске асыру аймақтық ынтымақтастықты нығайту, қатысушы елдер арасындағы сенімді арттыру және таза электр энергиясын экспорттауды қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие.
Құрылыс жұмыстары қазір Қырғызстан, Тәжікстан және Пәкістанда толығымен аяқталды, ал Ауғанстанда жалғасып отыр.
— Осыған байланысты Kamani Engineering Corporation компаниясының өкілдері жаңартылған жоспарға сәйкес ауған учаскесіндегі жұмыстар 2027 жылдың көктемінде аяқталатынын, содан кейін 2027 жылдың жазында жобаны коммерциялық пайдалану кезеңі басталатынын мәлімдеді, — деп хабарлады ТР Энергетика министрлігі.
Ведомство бұл маңызды аймақтық жобаның толық аяқталуы энергетика нарығының дамуына, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және қатысушы елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететінін қосып өтті.