Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

0
69

Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Фото: president.uz

ERNUR.KZ. 29 желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті, деп жазады stan.kz.

Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Әңгіме барысында тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, екі бауырлас елдің халқына бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу тілектерін білдірді.

Сондай-ақ әңгімеде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, көршілестік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарының жоғары деңгейде екені атап өтілген. Сонымен қатар барлық негізгі өзара әрекеттесу бағыттары бойынша ынтымақтастықтың тұрақты даму барысы ерекше талқыланған.