Мәжілістің жаңа депутаты ант берді

0
96

Олжас Нұралдинов қаржы және бюджет комитетінің құрамына енді.


Мәжілістің жаңа депутаты ант берді

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Мәжілісте "Ақжол" партиясының жаңа депутаты ант берді, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін партия бұрынғы депутат Ержан Бейсенбаевтың орнына Олжас Нұралдиновты сайлап алды. Ал заң бойынша жаңадан тағайындалған депутат ант беруге тиіс.
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, маған жүктелген депутаттың жоғары міндеттерін адал орындауға ант етемін", - деді Нұпалдинов мәжілістің бүгінгі отырысында.
Нұралдинов қаржы және бюджет комитетінің құрамына енді.