Халық саны 200 мың адамға артқан сайын депутаттар саны екі адамға көбейеді.
ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарының санына қатысты қаулыға өзгеріс енгізді, деп жазады sputnik.kz.
Мәслихат депутаттарының саны елді мекендегі халық санына қарай белгіленеді.
Жаңа тәртіп бойынша:
Халқы 15 мың адамға дейінгі аудандарда – 10 депутат;
Халқы 50 мың адамға дейінгі қалаларда – 11 депутат;
Халқы 300 мың адамға дейінгі облыстарда – 23 депутат;
Астана, Алматы және Шымкент қалаларында – 30 депутатқа дейін.
Халық саны 200 мың адамға артқан сайын депутаттар саны екі адамға көбейеді. Шағын қалаларда халық саны әр 25 мың адамға, ал аудандарда әр 15 мың адамға өскен сайын депутаттар саны бір адамға артады.
ОСК қаулысында кейбір қалалар мен аудандардағы мәслихат депутаттарының нақты саны да көрсетілген.
Ақтөбе – 30 депутат;
Тараз – 28 депутат;
Семей – 22 депутат;
Алатау – 11 депутат.
Алматы облысы:
Қарасай ауданы – 25 депутат;
Еңбекшіқазақ ауданы – 25 депутат;
Іле ауданы – 25 депутат.
Жамбыл облысы:
Жамбыл ауданы – 13 депутат.
Абай облысы:
Үржар ауданы – 11 депутат.
Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Катонқарағай, Мақаншы, Жаңасемей, Үлкен Нарын және Марқакөл аудандарындағы мәслихаттарда 10 депутаттан болады.
Айта кетері, Қазақстанда жыл соңына дейін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуі мүмкін. Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін талқылап, тиісті жарлыққа қол қояды.


