Қызылсай-Шымкент өткелінде автокөлік тепловозбен соқтығысты

0
73

8 тамызда сағат 04:30-да Қызылсай-Шымкент аралығының күзетілетін теміржол өткелінде HOWO автокөлігі маневрлік тепловозбен соқтығысты.


Қызылсай-Шымкент өткелінде автокөлік тепловозбен соқтығысты

Қызылсай-Шымкент өткелінде автокөліктің тепловозбен соқтығысуы орын алды. ЖКО пойыздардың жүру кестесіне әсер етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ "Қазақстан темір жолы" ҰК Акционерлік қоғамы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 тамызда сағат 04:30-да Қызылсай-Шымкент аралығының күзетілетін теміржол өткелінде HOWO автокөлігі маневрлік тепловозбен соқтығысты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі жақындап келе жатқан жылжымалы құрам алдында өткелге шығып, жол ережесін бұзған.

Қаза тапқандар жоқ, жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы қозғалыс кестесіне әсер етті: үш жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды. 07:18-де учаскедегі қозғалыс толықтай қалпына келтірілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және теміржол өткелдерін кесіп өту кезінде аса сақ болуға шақырады. Ережелерді бұзу тек материалдық зиян келтіріп қана қоймай, өмір мен денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.