Қазақстанда үйден шықпай-ақ ауру туралы анықтаманы қалай алуға болады

0
86

​Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама eGov Mobile қосымшасында онлайн қолжетімді.


Қазақстанда үйден шықпай-ақ ауру туралы анықтаманы қалай алуға болады

фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтаманы eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн рәсімдеуге болады, деп жазады baq.kz.

Қазақстанда уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама адам ауырған немесе жарақат алған жағдайда жұмысынан не оқуынан белгілі бір мерзімге ресми босатылуы үшін қажет. Алайда бұл құжат әлеуметтік жәрдемақы алу құқығын бермейді.

Анықтаманы электронды түрде eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады.

eGov Mobile арқылы анықтаманы қалай алуға болады?

Ол үшін мына қадамдарды орындау қажет:

  • eGov Mobile қосымшасына кіріп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін ашыңыз.
  • «Денсаулық сақтау» санатын таңдаңыз.
  • «Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру» қызметіне өтіңіз.
  • «Жалғастыру» батырмасын басып, қажетті мәліметтерді толтырыңыз.
  • Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), SMS-код немесе eGov QR арқылы қол қойыңыз.
  • Қызмет нәтижесі жеке кабинетте қолжетімді болады.

Қызметті рәсімдеу тәртібі бойынша қадамдық нұсқаулық төменде көрсетілген.