Хакерлер шабуылдауы мүмкін: Жапонияда мобильді байланыс қызметі үзілді

0
137

Компания кибершабуылдан күдіктенетінін, бірақ нақты қатысы бар-жоғы әлі белгісіз екенін мәлімдеді.


Хакерлер шабуылдауы мүмкін: Жапонияда мобильді байланыс қызметі үзілді

Фото: BigGo Finance

ERNUR.KZ. Жапонияның ең ірі телекоммуникация операторы NTT Docomo бейсенбіlt бүкіл ел бойынша желі үзілістері байқалғанын хабарлады, қазір компания ақау себебін анықтау үшін тексеріс бастаған, деп жазады inform.kz.

Компания сағат 11:18 шамасында дауыстық қоңыраулар, мобильді интернет және SMS қызметтерінде үзіліс болғанын хабарлады.

Ақау Docomo желісін пайдаланатын басқа мобильді операторлардың қызметтеріне де әсер етті.

Үзіліс салдарынан тұтынушылар мобильді қызметтерге қосыла алмады, шоттарын тексере алмады немесе келісімшарттарына өзгерістер енгізе алмады.

Docomo серверлеріне әлдекім рұқсатсыз кіруі мүмкін деген қорытындыға келгеннен кейін өзінің онлайн дүкені мен My docomo тұтынушы порталының жұмысын тоқтататынын хабарлады.

Компания кибершабуылдан күдіктенетінін, бірақ нақты қатысы бар-жоғы әлі белгісіз екенін мәлімдеді.

Кейінгі апталарда Жапонияда корпоративтік және мемлекеттік жүйелерге бірқатар кибершабуылдар жасалып, ондаған миллион пайдаланушының деректері бұзылған.

Бұған дейін Жапонияның GMO Internet Group интернет-провайдері валюта саудасы қызметіне заңсыз кірген хакерлерді анықтауға көмектесетін ақпарат үшін 1 млн долларға дейін сыйақы беретінін мәлімдеген еді.