Құрылысшылар — ел экономикасының нағыз архитекторлары

0
321

Кәсіби мамандардың үйлесімді жұмысының арқасында жолдар, көпірлер, электр желілері, білім, мәдениет, спорт нысандары қалпына келтірілді.


Құрылысшылар — ел экономикасының нағыз архитекторлары

фото: Adyrna.kz

ERNUR.KZ. Құрылысшы мамандығы қашаннан тек жасампаздықпен ғана емес, қалпына келтірумен де байланысты.

Айталық, 2024 жылғы алапат су тасқынынан кейін, 17 мыңнан астам үй мен саяжай зардап шекті. Сол кезде ауылдарға, азаматтарға келтірілген зиянды өтеудің тиімді тетігі нәтижесінде қысқамерзімде 9 156 үй жөнделіп, 2700-ге жуық жаңа үй салынды.

Сонымен қатар, кәсіби мамандардың үйлесімді жұмысының арқасында жолдар, көп­ірлер, электр желілері, білім, мәдениет, спорт нысандары қалпына келтірілді. Бұл жұмыс зардап шеккен азаматтардың қалыпты өмірге оралуын қамтамасыз етті, инфрақұрылымның болашақ сын-қатерлерге тұрақтылығын арттырды.