Күдіктілер ұсталды.
Фото: видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Қостанай қаласында құрылыс дүкенінің қызметкерлеріне тауар жеткізу кезінде шабуыл жасалды. Қақтығыс барысында олар соққыға жығылып, қызметтік «Газель» автокөлігіне зақым келтірілген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысы бар барлық тұлға анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.
«Бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын, сондай-ақ басқа да ықтимал қатысушылар мен куәларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Олардың нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.


