Қазақстандық оқушы Еуропалық математикалық олимпиадада топ жарды

0
125

2026 жылғы 23-29 сәуір аралығында Литва Республикасының Вильнюс қаласында алғаш рет European Mathematical Olympiad өтті.


Қазақстандық оқушы Еуропалық математикалық олимпиадада топ жарды

ERNUR.KZ. Аталған олимпиадаға 19 елден 21 команда, жалпы саны 126 оқушы қатысты. Қатысушы мемлекеттер қатарында Албания, Армения, Болгария, Эстония, Финляндия, Франция, Грузия, Исландия, Ирландия, Қазақстан, Косово, Латвия, Литва, Солтүстік Македония, Норвегия, Польша, Словения, Швейцария және Украина бар, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте 1-орынды жеңіп алды. Құрама қоржынына 3 алтын және 2 күміс медаль түсті. Қазақстан құрамасының бұл жарқын жеңісі халықаралық білім аренасында елдің зияткерлік әлеуетінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Астана қаласындағы Spectrum International School 12-сынып оқушысы Марғұлан Шарел Олимпиаданың абсолют жеңімпазы атанды.

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Эльдар Усенов, Алматы қаласындағы Haileybury мектебінің 11-сынып оқушысы Эрик Лим, алтын медаль иеленді. Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 11-сынып оқушысы Ерасыл Алтынбек, Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 10-сынып оқушысы Ануар Ағыбаев күміс медаль алды.

Құрама жетекшілері – Қазақстан-Британ техникалық университетінің 4-курс студенті Ярослав Гальберг, Алматы қаласындағы №165 мамандандырылған лицейінің математика пәні мұғалімі Асхат Абдыкулов.