​Қазақстандық альпинист КонституцияныГималайдағы Айленд Пик шыңына көтерді

0
487


​Қазақстандық альпинист КонституцияныГималайдағы Айленд Пик шыңына көтерді

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай қазақстандық альпинист, мәдениет қайраткері Әлібек Қайырбекелдің Ата Заңының мәтінін Гималайдағы Айленд Пик (6180 м) шыңына алып шықты.

Бұл оның «Әлем шыңдарындағы домбыра» атты бірегей жобасының бір бөлігі болды. Жоба «Әлемнің жеті шыңы» халықаралық бастамасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Оның мақсаты қазақ мәдениетін, соның ішінде домбырамен орындалатын ұлттық музыканы әлемге таныту және бұл аспапты ең биік шыңдарды бағындырған музыкалық аспап ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізу болып табылады.

АйлендПиккебағытталған экспедиция 15 күнге созылды және альпинистің бастамасымен ұйымдастырылды. Бұл өрлеу ол үшін тек спорттық жетістік қана емес, сонымен қатар патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі болды. Әлібек Конституцияның мәтінін еліміздіңАтаЗаңына деген құрмет белгісі ретінде шыңға көтеруді ұсыну мақсатында Конституциялық Сотқа жүгінді. Конституциялық Сот бұл бастаманы қолдап, Конституцияныңресми мәтінін ұсынды.

Әлібек биіктік пен ауа райының күрделі жағдайларына қарамастан, Конституцияны Гималайдың әйгілі шыңдарының біріне салтанатты түрде алып шығу үшін барлық сынақтардан өтті.

«Мен үшін Конституция барлық заңдардың шыңы. Бұл жай ғана құжат емес, бұлрухани тірек, бірлігіміздің, құқықтарымыз бен бостандығымыздың символы. АтаЗаң мен домбыраны алып шыққанда мен жүк емес, күш сезіндім. Экспедицияның қатал жағдайларында олар менің мотивациямды арттырып, рухымды күшейттті. Айленд Пик шыңын Қазақстанның дәл осы нышандарымен бағындырғаныма мақтанамын», - дейдіӘлібек.

Осытарихиөрлеу барысында Әлібек Эверест етегіндеұлықазақ композиторы НұрғисаТілендиевтің 100 жылдығынаорайоның «Әлқисса» күйін деорындады.

Альпинистің таудағы лагерьлерде және көршілес Непал ауылдарында орындаған музыкалық өнері халықтарапынан үлкен ықыласқа ие болып, экспедицияны ұлттар мәдениетінің диалогына айналдырды. Домбыра мен Конституция Қазақстанның бейбітшілік, ашықтық және ұлттық қадір-қасиети символдарына айналды.

Қайырбек Әлібектің бұл жобасы коммерциялық емес және халықаралық мәдени дипломатияны нығайтуға бағытталған.