фото: ru.freepik.com
Әлемдегі ең бақытсыз еркек – ол отбасындағы барлық жанның көңілін табуға тырысып, соңында әйелімен арадағы қарым-қатынасын әлсіретіп алатын жан, дейді психолог мамандар.
Әр әйел - өз ер-азаматының ханшайымы. Егер әйел өзін ханшайымдай сезініп, көңілі тоқ болса, онда үй ішінде береке, молшылық орнайды. Әйел ерін тек табыс табушы деп емес, жаны мен тәнінің қорғаушысы, тыныштық орнатушы деп сенеді. Алайда, жолдасы қолдау білдірмесе, өзгелердің қанағатын әйеліне деген қамқорлығынан жоғары қойса, онда шаңырағының іргетасын жаймен өзі мүжіп жатыр деген сөз.
Егер ер-азамат бар махаббатын отбасындағы жандарға арнап, жұбайына екінші орында қараса, онда әйел өзін көрінбей қалған, елеусіз жан секілді сезінеді. Ешбір әйел өзінің заңды орнына күресу үшін некеге тұрмайды. Олар махаббатты, аялағанды, барған жерінің құрметтегенін қалайды.
Неке – бұл тек бар болу ғана емес, бұл оны құрған екі жанның бірге көркеюі. Әйелдің мейірімі мен жылулығы отбасының негізгі күші. Егер ол өзін керексіз, тастанды секілді сезінсе, онда үйдің де энергиясы өзгере бастайды. Ешқандай байлық, сыртқы әсер қамқор әйелдің жайлылығын алмастыра алмайды.
Үнемі өзгелердің талап-тілегін орындау үшін тырысып, ал әйелін эмоционалды тұрғыда аш қалдырса, онда ол өзінің отағасылық міндетін орындамай жүр. Ер-азамат өз отбасы үшін әйелінің бөтен емес екенін, нағыз отбасы ол әйелі екенін естен шығармау керек. Ол ер азаматының жанында жүріп, бірге болу үшін өзін аялаған, мәпелеген, өсірген отбасын тастап келеді. Көптеген ер азаматтар әйелдеріне байқамай опасыздық жасайды. Опасыздық тек көзге шөп салу ғана емес, оған үйленіп алған соң менсінбеушілік, төмендету, елеусіз қалдыру да жатады. Еркектер көбіне әйел әрқашан түсіністікпен қарайды, бейімделіп үйреніп кетеді, шыдайды деп ойлайды. Алайда кез келген мықты әйелдің өзі жұбатуды күтеді. Сондықтан, әрбір әйел жолдасы үшін екінші кезекте емес екенін сезінгені жөн.
Ер азамат үйленіп алған соң әйелін менсінбей, құрметсіздік танытса, демек ол бірінші кезекте өзін құрметтемейді. Егер ол махаббат антын сақтап, әйелін үнемі қорғап, адал болса, онда ол балаларына нағыз жұп, отбасы дегеннің қандай болатын үлгі етіп көрсетеді. Әкесінің анасы үшін болысқанын көрген бала, әйелін сыйлайтын ер азамат болып өседі. Ал, осындай әкені көріп өскен қыз ешқандай жігітке өзін төмендетуге жол бермейді.
Ақылды ер азамат әйелі жайдарлы, көңілі тоқ, көзінде сенім, жүрегінде тыныштық болғанда некенің гүлдене түсетінін түсінеді. Әр әйел жолдасынан махаббат алған сайын, оны еселеп қайтарады.
Ең мықты ер-азамат – бәрінің көңілінен шығуға тырысатын емес, қасындағы жан-жарына қорған бола алатын жан.
Дайындаған: Э.Базарбаева,