Әлем елдерінің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

0
185

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды.


Әлем елдерінің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Бүгін Тоқаевқа Ресей президенті Владимир Путин хабарласып, туған күнімен құттықтаған болатын. Одан бөлек:
Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған;
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев;
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров;
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон;
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев;
БАӘ Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян телефон арқылы құттықтады.

"Шет мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі", - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек:
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин;
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов;
Түрікменстан халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов,
Беларусь президенті Александр Лукашенко;
Италия Ппрезиденті Серджо Маттарелла;
Молдова президенті Майя Санду;
Словакия президенті Петер Пеллегрини;
Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан;
Армения премьер-министрі Никол Пашинян;
Ресей Федералды жиналысы федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко;
Татарстан Раисы Рустам Минниханов;
ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев;
Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл және тағы да басқа тұлғалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.
Қазақстанның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері де жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Құттықтау хаттары мен жеделхаттар әлі келіп жатыр.