Атырау облысында ер адам бес жыл бойы өгей қызын азғырып келген

0
102

Ер адам қызды түрлі жолмен қорқытқан.


Атырау облысында ер адам бес жыл бойы өгей қызын азғырып келген

Сурет: Zakon.kz.

Атырау облысы Еркінқала ауылында 43 жастағы ер адам бес жыл бойы өзінің 12 жастағы өгей қызына азғындық әрекеттер жасаған, деп жазады Zakon.kz.


Зорлық-зомбылықтың құрбаны болған қыз 17 жасқа дейін бұл жайында ешкімге тіс жармаған. Тек кейінірек батылдық танытып, бар шындықты туысына айтып берген.

Atyrau Online Telegram-каналының хабарлауынша, қорлық 2018 жылы қыздың анасы перзентханаға кіші баласын босануға кеткенде басталған.

Анасы үйде болмаған кезде зорлық-зомбылық тыйылмаған. Ер адам қызды түрлі жолмен қорқытқан. Ол ешкім сенбейтінін, егер біреуге айтса, анасынан айырылып, үйден қуылатынын айтқан. Қыз қорқынышпен өмір сүріп, үндемей жүрген. Ақыры бір күні ол туысына сеніп, болған жайтты айтып берген.

"Атырау тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты азғындық әрекеттер жасалғаны туралы арыз түсірді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды. Полиция барлық тараптардың құқықтарын қамтамасыз ете отырып, заң аясында әрекет етуде", – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті.