Қазақстанда жүзден аса стоматология жабылды

0
82

Тексеріс нәтижесінде клиникаларға жалпы сомасы шамамен 75 миллион теңге айыппұл салынған.


Қазақстанда жүзден аса стоматология жабылды

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда стоматологиялық клиникаларға қатысты жоспардан тыс тексерістер жалғасып жатыр. Қаңтарда 73 стоматологияның жұмысы уақытша тоқтатылса, қазір 140-тан астамы жабылған, деп жазады tengrinews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, ел бойынша 456 жоспардан тыс тексеріс жүргізілген. 5 ақпандағы жағдай бойынша, оның 313-і аяқталған, тоғызы тіркеу сатысында, ал бір тексеріс әлі жалғасып жатыр.

Комитеттің хабарлауынша, тексеріс қорытындысында 143 клиника жұмысын тоқтатқан.

Ең көп тоқтатылған өңірлер:

  • Атырау облысы - 54 стоматология;
  • Алматы - 26;
  • Ақтөбе облысы - 12;
  • Астана - 11;
  • Қызылорда облысы - 10.

Миллиондаған айыппұл

Тексеріс нәтижесінде клиникаларға жалпы сомасы шамамен 75 миллион теңге айыппұл салынған. Түрлі заңбұзушылықтар бойынша 476 әкімшілік хаттама толтырылған, оның ішінде:

  • Заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызмет - 140 хаттама (3,1 млн теңге);
  • Лицензиялау талаптарын бұзу - 62 хаттама (8,6 млн теңге);
  • Фармацевтикалық қызмет пен дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар айналымы ережелерін бұзу - 84 хаттама (19,3 млн теңге);
  • Медициналық көмектің стандарттарын өрескел бұзу - 70 хаттама (3,9 млн теңге).

Ведомство мәліметінше, тіркелмеген немесе қолдануға тыйым салынған дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, сату, пайдалану немесе жарнамалау бойынша 13 жағдай анықталған. Бұл бойынша айыппұл көлемі 6,8 млн теңгеге жеткен