Қазақстанда вирустық гепатиттерді анықтау тәсілдері өзгереді

0
129

Құжат "Ашық НҚА" порталында 1 қазанға дейін қоғамдық талқылауға жарияланды.


Қазақстанда вирустық гепатиттерді анықтау тәсілдері өзгереді

Фото: pixabay

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі скринингтік зерттеулерден өтуге тиіс адамдардың нысаналы топтарына, сондай-ақ мұндай зерттеулерді өткізу қағидалары мен мерзімділігіне өзгерістер енгізетін бұйрық жобасын әзірледі, деп жазады zakon.kz.

Өзгерістер В және С вирустық гепатиттеріне скрининг жүргізу тәртібіне қатысты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өзгерістер скринингтің қолжетімді әрі уақтылы жүргізілуіне және халықтың ақпараттану деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде үш жыл ішінде скринингпен қамтылған азаматтар санын көбейту жоспарланып отыр.

Жұмыс берушілер мен бизнес өкілдері үшін бұл өзгерістер қосымша қаржылық жүктемесіз қызметкерлердің денсаулығын жақсартып, жұмыс уақытының жоғалуын азайту арқылы ұзақ мерзімді оң әсер береді.

Жалпы, түзетулер скринингтің тиімділігін арттыруға, оны белгіленген мерзімде аяқтауға, медициналық көмекке кеш жүгіну жағдайларын азайтуға және халыққа көрсетілетін профилактикалық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 1 қазанға дейін қоғамдық талқылауға жарияланды.