Қазақстанда күзге қарай картоп арзандауы мүмкін

0
119

Маусымда елімізге кедендік бажсыз картоп импорттауға мүмкіндік берілді.


Қазақстанда күзге қарай картоп арзандауы мүмкін

Фото: АШМ

ERNUR.KZ. Биыл елімізде картоп егу алқабы 20 мың гектарға ұлғайтылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті, деп жазады inform.kz.

- Сауда және интеграция министрімен бірқатар отырыс өткіздік, қазір де бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Егер баға шектен асып кетсе, біз сатушыларға белгілі бір мөлшерде айыппұл саламыз. Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министр келтірген мәліметке сүйенсек, биыл картоп егу алқабы 20 мың гектарға ұлғайтылды.
- Биыл менің ойымша, мол өнім болып, картоп жеткілікті көлемде жиналады. Күзде баға төмендейді деп ойлаймын, - деген болжам жасады ведомство басшысы.
Еске сала кетсек, маусымда елімізге кедендік бажсыз картоп импорттауға мүмкіндік берілді.
Сондай-ақ картоп бағасын өсіргендерге айыппұл салынатыны айтылды.