Қазақстанда коучтерге арналған кәсіби стандарт бекітілді

0
88

Стандартта коучинг қызметіне қойылатын талаптар айқын көрсетілген.


Қазақстанда коучтерге арналған кәсіби стандарт бекітілді

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Қазақстанда алғаш рет коучинг қызметі бойынша кәсіби стандарт бекітілді, деп жазады sputnik.kz.
Құжат коуч мамандығына қойылатын талаптарды айқындайды. Атап айтқанда, қажетті құзыреттер, даярлық деңгейі, кәсіби этика нормалары, сондай-ақ бейресми білімді қоса алғанда, біліктілікті растау тәртібі белгіленген.
"Сонымен қатар стандартта коучинг қызметінің шекаралары айқын көрсетілген. Коучинг психотерапиядан, психологиялық кеңес беруден және тәлімгерліктен ресми түрде ажыратылған. Бұл клиенттерге қандай қызмет үшін ақы төлеп отырғанын нақты түсінуге, ал мамандарға анықталған кәсіби шеңберде жұмыс істеуге мүмкіндік береді", - дейді депутат Динара Наумова.
Бұдан бөлек, коучтердің ашық тізімі жасалады. Онда мамандардың білімі, сертификаттары және расталған біліктілігі туралы ақпарат қолжетімді болады. Ал коучинг қызметі үшін жауапкершілікті күшейту үшін "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңға өзгерістер енгізіледі.
Айта кетері, бұған дейін сенаторлар отбасын бұзатын коучтарды тәртіпке салуды талап еткен болатын. Ал мәжіліс депутаттары еденді тілімен жалататын және бір-бірінің түкірігін ішкізуге мәжбүрлейтін тренингтерге қарсы шықты.