Синоптиктердің болжамы жарияланды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. «Қазгидромет» алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде циклондар мен антициклондардың жиі алмасуына байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Елдің батысында және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр болжанады.
11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар жауады. 11 сәуірде республиканың батысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Қазақстан бойынша тұман болжанады.


