Қазақстанда 30 градусқа дейін ыстық болады

0
81

Қазақстан бойынша тұман түсіп, солтүстікте және шығыста көктайғақ болады.


Қазақстанда 30 градусқа дейін ыстық болады

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" синоптиктері 26, 27 және 28 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады tengrinews.kz.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде ауқымды антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Тек еліміздің батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, 28 наурызда Маңғыстау облысында нөсер жауады деп болжанған. Сондай-ақ 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында, 27-28 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі", - деді синоптиктер.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, солтүстікте және шығыста көктайғақ болады.

Температура көрсеткіштері қандай болмақ?

Ауа температурасының көтерілуі күтіледі:

  • күндіз батыста және солтүстік-батыста — +15…+25-ке дейін;
  • солтүстікте және шығыста — +10…+17-ге дейін;
  • орталықта — +13…+24-ке дейін;
  • оңтүстікте — +21…+30-ға дейін;
  • оңтүстік-шығыста — +18…+27-ге дейін;
  • таулы аймақтарда — +10…+15-ке дейін.