Қазақстан 2025 жылы жол құрылысы бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

0
207

2027 жылдың соңына дейін 37 өткізу пунктін аяқтау жоспарлануда.


Қазақстан 2025 жылы жол құрылысы бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

ERNUR.KZ. 2025 жылдың басты жетістіктерінің бірі – автожол желісінің кең ауқымды дамуы, деп жазады sputnik.kz.

Құрылыс және жөндеу жұмыстары рекордтық 13 мың шақырым автожолды қамтыды.
"Нәтижесінде республикалық жолдардың 94%-ы техникалық нормативті жағдайда. Ішкі шекарадағы өткізу пункттерін модернизациялау жұмыстары жүргізілуде. 2027 жылдың соңына дейін 37 өткізу пунктін аяқтау жоспарлануда", - деп жазылған хабарламада.
Жол саласын цифрландыру ерекше назарда. e-Joldar шеңберінде жолдардың цифрлық паспорттары қалыптастырылуда. Бұл жолдардың техникалық жай-күйін, қозғалыс қарқындылығын және пайдалану параметрлерін орталықтандырылған түрде есепке алуды қамтамасыз етеді. Жыл сайын жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып жол диагностикасы жүргізіледі.
Жол төсемін сақтау үшін 220 бірлікке дейін автоматтандырылған өлшеу стансаларын орнату жалғасуда. Қазіргі таңда оның 71 бірлігі іске қосылған.