Фото: Ақордадан
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған.
“Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі”, – делінген хабарламада