Қасым-Жомарт Тоқаев Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

0
90

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді.


Қасым-Жомарт Тоқаев Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен оның барша отандастарын Бангладеш Халық Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Бангладеш халқына құт-береке тіледі.