Қайғылы оқиға бүгін таңертеңгі уақытта болды.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Астанада таңертеңгі уақытта мәйіті табылған оқушы қыздың түні бойы далада жүргені белгілі болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің агенттік тілшісіне берген пікірінде қайғылы оқиға бүгін таңғы 06:30-да болған.
«112» пультіне ПД ЖБО Сарыарқа ауданында «Серуен» көпірінен Есіл өзеніне адам секіргені туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жедел жеткен жедел-құтқару жасағының сүңгуірлер тобы 07:02-де 2011 жылғы қыз баланың денесін судан алып шықты», – делінген ТЖД хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, 24 қараша күні сағат 21:00-де полицияға елорда тұрғынынан 18:30 шамасында қызының үйінен шығып кетіп, байланысқа шықпай қойғаны хабарланған болатын.


