Елнұр Бейсенбаев жаңа қызметке тағайындалды

0
88

Елнұр Бейсенбаев ​ ​1986 жылы 27 маусымда Кентау қаласында дүниеге келді.


Елнұр Бейсенбаев жаңа қызметке тағайындалды

Фото: Мәжіліс

Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.

Елнұр Бейсенбаев 1986 жылы 27 маусымда Кентау қаласында дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Саясаттанушы, әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетін бітірген.
Еңбек жолын «Жастар үні» Жастар қоғамдық ұйымында маман ретінде бастап, кейіннен 2009 жылы төраға болды.
2012-2015 жылдары тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан коммунистік халық партиясының Алматы қалалық филиалында идеология және насихат жөніндегі хатшы қызметтерін қоса атқарды.
2016 жылдан 2017 жылға дейін Алматы қаласы әкімдігінің жастар жобалары және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымдарында еңбек етті.
2017 жылдан 2018 жылға дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде тәрбие жұмысы департаментінің директоры болды.
2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі.
2020 жылы «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы.
2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтарға дейін - Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2023 жылғы қаңтардан 2023 жылғы тамыз – «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы.
2023 жылдың наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Сегізінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы Фракциясының жетекшісі.
«Құрмет» орденімен (2021 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.), «Халық алғысы» (2020 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021 ж.) медальдарымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың (2016 ж., 2020 ж.), Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың (2019 ж., 2020 ж.) алғыс хаттарымен марапатталған.