2026 жылдан бастап Салық кодексіне Қазақстанда салықтық әкімшілендірудің заманауи моделін қалыптастыруға бағытталған өзгерістер енгізілді.
Жаңа жүйенің негізгі қағидасы – салық төлеушінің адалдығы, яғни кәсіпкерлік әрекеттің фактілерін бұрмалауды және нақты экономикалық мәні жоқ формальды схемаларды қолдануды болдырмайды.
Оның хабарлауынша, құжатта тәуелді және байланысы бар тұлғаларға қатысты критерийлер бекітілген, бұл кірістерді жасанды түрде қайта бөлу схемаларын анықтауға мүмкіндік береді.
«Маңызды өзгерістердің бірі – арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілермен операциялар бойынша шегерімдердің жойылуы, бұл бизнестің бөлінуін және кірістерді жеңілдетілген салық режимдеріне шығару әрекеттерін болдырмауға бағытталған. Сонымен қатар тұрғын үй қорын жүзеге асыру кезінде ҚҚС-тан босатылу жойылды, бұл салық салуда тең жағдайларды қамтамасыз етуге және осы норманы салықтық жеңілдіктер алу мақсатында пайдалануды болдырмауға бағытталған. Жаңа салық әкімшілендіру моделінің негізі – тәуекелдерді басқару жүйесі, ол ақпараттық жүйелер деректерін талдауға және бақылау шараларын нақты түрде қолдануға мүмкіндік береді – әсіресе, салықтық тәуекелі жоғары салық төлеушілерге қатысты», – деді спикер.
Салықтық әкімшілендірудің жаңа моделі ақпараттық жүйелердің деректерін талдауға және бақылау шараларын жеке-жеке қолдануға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару жүйесі болып табылады. Ол ең алдымен салықтық тәуекелдері жоғары салық төлеушілерге қатысты.
Биылдан бастап тәуекелдерді басқару жүйесі салық төлеушілерді дәрежелері бойынша бөлуден нақты салықтық тәуекелдер мен бұзушылықтарды анықтауға қайта бағдарланды, бұл салықтық әкімшілендірудің проблемалық аймақтарына жеке-жеке әрекет етуге мүмкіндік береді.
ТБЖ жаңа тұжырымдамасын енгізу шеңберінде мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің рейтингісін (тәуекел дәрежесін) және салықтық тексерулер тізімдерін жариялаудан бас тартады. Енді жекелеген салық төлеушілер бағаланбайды, ал тәуекелдерді талдау және бағалау салықтар, төлемдер, салалар, өңір, салық төлеушілер топтары және салық міндеттемелерінің түрлері бойынша жүргізіледі. Салықтық тәуекел деңгейіне байланысты оны төмендету бойынша шаралар қолданылады.
Айта кетерлігі, 2026 жылдан бастап салықтық есептілікті ұсынбау ұғымы алынып тасталды. Декларацияны ұсынбау нөлдік декларацияға теңестіріледі, ал камералдық бақылау есептілікті ұсыну мерзімі өткеннен кейін автоматты түрде жүргізіледі және барлық салық төлеушіге қолданылады.
Сонымен қатар салықтық әкімшілендіру тәсілдері нақты ажыратылды. Камералдық бақылау дербес блокқа бөлінді, ЭШФ жазып беру бойынша бақылау «е-Тамға» сервисіндегі ҚҚС балансы негізінде салыстырмалы бақылаудың автоматтандырылған форматына ауыстырылды, бірыңғай тіркеу мониторингі енгізілді.


