Елімізде құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі 5 жыл болмақ

0
164

Заң жобасын таныстырған Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Құрылтай құрамына 145 депутат кіретінін айтты.


Елімізде құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі 5 жыл болмақ

ERNUR.KZ. Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар “Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы” Конституциялық заң жобасы талқыланып жатыр, деп жазады stan.kz.

Заң жобасын таныстырған Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Құрылтай құрамына 145 депутат кіретінін айтты.

“Құрылтай құрамын 145 депутат қалыптастырады. Олардың өкілеттік мерзімін 5 жыл деп белгілеу ұсынылып отыр”, – деді депутат.

Оған қоса Құрылтай құрамында 8 бейінді комитет құру жоспарланып отыр. Сонымен қатар Конституциялық заң деңгейінде алғаш рет Депутаттық әдеп жөніндегі кеңес туралы нормаларды бекіту ұсынылды.