Елімізде биыл жүктілік пен босануға байланысты төлемнің ең жоғары мөлшері қанша болады

0
112

Қазақстанда декреттік төлемдерге қатысты жаңа өзгерістер күшіне енді.


Елімізде биыл жүктілік пен босануға байланысты төлемнің ең жоғары мөлшері қанша болады

Фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Әлеуметтік төлем мөлшері қайта қаралып, ең жоғары төлем мөлшері 2,5 миллион теңгеге жуықтады, деп жазады stan.kz.

Алматы қаласы бойынша "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ филиалы директорының орынбасары Балғын Сәтбекқызының мәліметінше, 2026 жылы жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлемдерді есептеу ережелері өзгеріп, оның мөлшері де қайта қаралды. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша орташа төлем көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төмен болған.

"Бұл ретте төлемнің нақты сомасы әр адамға жеке есептеледі. Ол соңғы 12 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жасалған табыс көлеміне және жүктілік пен босануға байланысты демалыстың ұзақтығына байланысты", – деді Балғын Сәтбекқызы.

Сәтбекқызының айтуынша, 2026 жылы жүктілік пен босануға берілетін бір реттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2 миллион 499 мың теңгеден аспайды.

2026 жылы жұмыс істейтін әйелдерге жүктілік пен босануға байланысты төленетін бір реттік әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері – 2 499 000 теңге. Егер әйелдің орташа айлық табысы белгіленген шектен (7 ең төменгі жалақы мөлшері) асып кетсе, төлем осы шектеу негізінде есептеледі. Табыс мөлшері соңғы 12 айда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түскен әлеуметтік аударымдар арқылы расталады. Егер есептеу кезеңі әртүрлі жылдарды қамтыса, әр ай үшін сол уақыттағы қолданыста болған ең төменгі жалақы мөлшері есепке алынады.

Мысалы, әйел айына 600 мың теңге табыс тауып, жүктілік пен босануға байланысты 126 күнтізбелік күнге демалыс рәсімдесе, оған ең жоғары бір реттік әлеуметтік төлем – 2 499 миллион теңге тағайындалады.

Баспасөз мәслихатында журналистер әйел декреттік демалысы аяқталмай тұрып жұмысқа шыққан жағдайда төлем сақтала ма деген сұрақ қойды.

"Егер еңбек қызметін қайта бастаса, төлем алушы жұмысқа шыққаны туралы мемлекеттік корпорацияға хабарлауға міндетті. Өтініш негізінде әлеуметтік төлем тоқтатылады", – деп жауап берді Сәтбекқызы.

Ол төлем тоқтатылғаннан кейін қайта жалғаспайтынын да атап өтті.