Ол эмоционалды және моральды қысымға түскенін айтты.
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Жақында ғана цехы жабылған кәсіпкер шулы оқиғадан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады. Ол Instagram парақшасында алдымен пост жазып, кейін видео жариялады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанадағы «Самса фуд» басшысының қызметкерлеріне дөрекі сөйлегені, онымен қоса өндіріс орнындағы санитарлық жағдайына байланысты видеосы тарап, кеңінен талқыланған еді. Ал санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізіп, мекеменің жұмысы тоқтағанын хабарлады.
Осы жағдайдан кейін кәсіпкер әйел видео үндеу жолдады. Айтуынша, қоғамның наразылығы әлі тоқтамаған.
«Хейттің тоқтайтын түрі жоқ. Сонымен қатар жолдасым жайлы да жазып жатырсыздар. Ол негізі жұмыстың бәрін өзі жүргізеді. Ал мен сату, команда мен әлеуметтік желіге ғана жауаптымын. Егер жақсы пікір жазбайтын болсаңыздар, онда мүлдем ештеңе жазбаңыздаршы. Себебі ол маған ғана емес, отбасыма, жақындарыма, командама да әсер етеді. Мен қателігімді түсіндім», - деді Арайлым Алтынбекқызы.


