​Елден шықпаған шетелдіктерге әкімшілік жауапкершілік енгізілмек

0
119

Қазақстаннан тыс жерде туған балалардың азаматтығын анықтауға қатысты заңнама нормасы пысықталып жатыр.


​Елден шықпаған шетелдіктерге әкімшілік жауапкершілік енгізілмек

Фото: Polisia.kz

ERNUR.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты, деп жазады inform.kz.

— Конституцияны тиімді іске асыру үшін құқықтық актілерге, яғни құқық қорғау қызметі, босқындар, дактилоскопиялық (саусақ ізі) және геномдық тіркеу және қару айналымын мемлекеттік бақылау туралы заңдарға түзетулер енгізіледі. Одан басқа шетел азаматтарына шықпағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу, Қазақстаннан тыс жерде туған балалардың азаматтылығын анықтау секілді нормаларды пысықтап жатырмыз, — деді министр.

Оның айтуынша, конституциялық деңгейде бекітілген нормалар іске асырылады. Олардың қатарына заң мен тәртіп үстемділігін қамтамасыз ету, жеке өмірдің және жеке деректердің қорғалуы, сөз бостандығы қағидатын қамтамасыз ету, құқық бұзушылық нәтижесінде бұзылған мүліктік құқықтарды қалпына келтіру, ұстау кезінде миранда ережелерін түсіндіру бар.
— Аталған шаралар азаматтардың қорғалуын, қоғамда заңдылық пен құқықтың мәдениетті, құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға ықпал етеді деп санаймыз, — деді ол.
Айта кетейік, елімізде қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша рақымшылық жарияланады.