Екі баланың анасын бұрынғы күйеуі соққыға жығып өлтірген

0
194

Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды.


Екі баланың анасын бұрынғы күйеуі соққыға жығып өлтірген

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Абай облысында бұрынғы әйелін ағаш таяқпен ұрып өлтірген ер адамға қатаң үкім шығарылды, деп жазады zakon.kz.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 17 сәуірде болған. Мас күйде үйдің ауласында болған сотталушы қызғаныштан бұрынғы әйелін ағаш таяқпен ұрып-соққан. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

"Басты сот талқылауы барысында Б. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, істеген ісіне шын жүректен өкінді. Жәбірленуші тарап – марқұмның ағасы жаза тағайындау мәселесін соттың қарауына қалдырды", – деп хабарлады сот.

Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.

Сондай-ақ сотталған адамнан жәбірленушінің пайдасына 10 млн теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысы өндірілді.

Марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды. Сот Семей қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органына балаларға одан әрі ресми қамқоршы тағайындау мәселесін шешуді міндеттеді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Атырауда полиция кішкентай қызының көзінше өлтірілген 42 жастағы әйелдің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатқаны хабарланған. Марқұмның денесін үлкен қызы тауып алған. Тергеу болжамынша, қылмысқа әйелдің бірге тұрған азаматының қатысы болуы мүмкін.