БҚО-да автобустың қатысуымен болған жол апаты: 23 баланың 4-еуі ауруханаға түсті

0
100

Қазіргі кезде дәрігерлердің бақылауымен ем алуда.


БҚО-да автобустың қатысуымен болған жол апаты: 23 баланың 4-еуі ауруханаға түсті

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепный ауылында мектеп автобусының қатысуымен болған жол апатынан кейін 23 бала, 7 ересек адам Орал қаласындағы ауруханаларға жеткізілді, деп жазады inform.kz.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, соның ішінде оқиға салдарынан зардап шеккен төрт бала облыстық көпсалалы балалар ауруханасының травматология бөліміне жабық бас-ми жарақаты диагнозымен жатқызылды. Қазіргі кезде дәрігерлердің бақылауымен ем алуда.

- 19 бала, 7 ересек науқас толық тексеруден өткізілді. Атап айтқанда, рентгенография, компьютерлік томография, ультрадыбыстық және зертханалық зерттеулер жасалды. Содан кейін бейінді мамандар қарағаннан кейін ұсыныстармен амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда мектеп автобусы жол апатына ұшырағанын жазған едік.