Бұған дейін бұл лауазымды 2022 жылғы қазаннан бастап Асел Жанасова атқарған болатын.
Бекежан Жакеев. Фото: igtipc.org
ERNUR.KZ. Бекежан Жәкеев "Қазпошта" басшысы болды, деп жазады tengrinews.kz.
Бұған дейін бұл лауазымды 2022 жылғы қазаннан бастап Асел Жанасова атқарған болатын. Биылғы 8 маусымда ол Президент кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Айта кетейік, осы тағайындауға дейін, 2024 жылғы қыркүйектен бастап Бекежан Жәкеев "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" ҰАО басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Еңбек өтілі 22 жыл, соның ішінде 10 жыл – басшылық қызметтерде. Еңбек жолын 2002 жылы "Астық лизингтік компаниясы" ЖШС-де менеджер болып бастаған.