Оқиға Атамекен ауылында болған.
Фото: Бейнежазбадан
ERNUR.KZ. Павлодар облысында құтқарушылар жерге опырылып түскен сырттағы дәретхананы ұстап тұрып, ішінде қамалып қалған әйелді алып шықты, деп жазады inbusiness.kz.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға Атамекен ауылында болған.
Сырттағы дәретхана жерге опырылып, әйелдің ішінде қалып қойғаны туралы хабарлама 112 пультіне түскен.
"Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері конструкцияның одан әрі құлап кетуіне жол бермеу үшін оны ұстап тұрып, есігін бөлшектеп, әйелді сыртқа шығарды", – деп мәлімдеді ведомство.
Құтқарылған әйел медициналық тексеруден өту үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оның қазіргі жағдайы туралы ақпарат жоқ.


