Атырауда жылыту қазандығы жарылып, бір адам ауруханаға жеткізілді

0
106

Оқиға салдарынан қазандықтан 12 метр қашықтықта орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлеріндегі терезелер мен екі жеңіл автокөлік зақымданған.


Атырауда жылыту қазандығы жарылып, бір адам ауруханаға жеткізілді

Фото: видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. Атырау қаласының Авангард-2 ықшамауданында үш қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған қазандықта газ-ауа қоспасы жарылды. Бір адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, деп жазады inform.kz.

Оқиға бүгін таңертең болған. Жарылыстан кейін өрт тұтанған жоқ. Оқиға салдарынан қазандықтан 12 метр қашықтықта орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлеріндегі терезелер мен екі жеңіл автокөлік зақымданған.
- Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, Полиция департаментінің күштері мен құралдары, сондай-ақ ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды. Жедел қызметтер оқиға орнындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.