"Борат" есімімен танылған шетелдік актер қазақстандықтардан кешірім сұрады

0
113

Айтуынша, Борат кейіпкері үшін Қазақстан елшілігі ресми шағым жолдаған және ол орынды.


фото: REUTERS / Phil McCarten

ERNUR.KZ. "Борат" есімімен танылған британдық актер Саша Барон Коэн қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп жазады sputnik.kz.
Актер бұл туралы Happy Sad Confused подкастында айтты.
Ол сұхбатта шын мәнінде Қазақстан халқының қалай сөйлейтінінен бейхабар екенін, "Боратқа" елдің еш қатысы жоғын айтып, кейіпкерге ренжімеуін сұрады.
"Мен алғаш рет Қазақстан халқынан кешірім сұрағым келеді. Себебі Бораттың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ", - деді актер.
Айтуынша, Борат кейіпкері үшін Қазақстан елшілігі ресми шағым жолдаған және ол орынды.