Азат Перуашев "Ақ жол" партиясы төрағасы қызметінен кетті

0
107


Азат Перуашев
Фото: parlam.kz
ERNUR.KZ Демократиялық "Ақ жол" партиясын 15 жыл басқарған Азат Перуашев партия төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Ол партиялық жүйедегі монополияға қарсы күресу үшін басшылықтың жаңару керегін айтты.

"Біз жай ғана өзгерістерге бастар жолда тұрған жоқпыз, бүгінгі өмірді өзгертіп жатқан оқиғалардың дәл ортасындамыз. Алайда монополия бұл үдеріске кедергі келтіруі мүмкін. Монополияға қарсы ең тиімді құрал – басшылықтың уақытылы ауысып отыруы. Сондықтан тоқмейілсіп кетпей, жаңа идеялар мен бастамалардың дамуына кедергі келтірмес үшін партия төрағасы өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдадым. Осы шешімді қолдауларыңызды және оған қарсы шықпауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ уақытты жоғалтпай, жағдайға белгісіздік туғызбау үшін съездің қарауына жаңа төраға лауазымына кандидат ұсынамын", – деді Азат Перуашев.

Өз мәлімдемесінен кейін партияның жаңа төрайымы қызметіне Дәния Еспаеваны ұсынды.