Үйінен шығып, жоғалып кеткен Маңғыстау облысы тұрғынының мүрдесі табылды.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
Жоғалған адам жол-көлік апатынан қайтыс болған.
«Түпқараған аудандық полиция бөлімінің кезекші пультіне жоғалған адамның әйелі хабарласып, күндіз автокөлігін мініп кеткен жолдасы байланысқа шықпай жатқанын баяндады. Жедел іздестіру нәтижесінде автокөлік иесі Қызыл-Өзен кентінен табылды. Автокөліктің ішінде жүргізуші ғана болды. Ол жол апаты кезінде ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған», – деп нақтылады полиция департаменті.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
