Атырауда мереке күні 80-ге жуық бала ата-анасынан көз жазып қалған

0
131

Бір жасөспірімді полицейлер 3 сағатқа жуық іздеген.


Атырауда мереке күні 80-ге жуық бала ата-анасынан көз жазып қалған

фото: пресс-служба МВД Казахстана

ERNUR.KZ. Атырауда Наурыз мерекесін тойлау кезінде ата-анасынан көз жазып қалған 80-ге жуық бала дін аман табылды, деп жазады sputnik.kz.
Атырау қаласында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара кезінде Исатай-Махамбет алаңында 78 бала ата-анасынан көз жазып қалған.

"Олардың барлығы жедел түрде табылып, заңды өкілдеріне қауышты. Олардың басым бөлігі бір сағатқа жетпей анықталды. Тек бір жасөспірімді полицейлер 3 сағатқа жуық іздеді", - дейді полиция.
Көпшілік шара барысында ата-анасынан көз жазып қалған 7 жастағы жасөспірім бейнекамералар арқылы анықталды. Бүлдіршін анасын таппаған соң, бірден оның жұмыс орнына баруға шешім қабылдаған.
Балақайды камера арқылы анықтаған инспекторлар анасына әкеп қауыштырды.
Осындай оқиғаларға байланысты полиция департаменті ата-аналарға адамдар көп жиналатын орындарда балаларға мұқият болуды, оларды қараусыз қалдырмау керектігін еске салады.